RU
Айгүл Иманбаева: Ұлымның келіншек алуына толықтай араласамын
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Айгүл Иманбаева: Ұлымның келіншек алуына толықтай араласамын

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші ұлының жар таңдауына өзі етене араласатынын айтты. Айгүл Иманбаеваның болашақ келініне қояр талаптары өте жоғары болып шықты. Бұл туралы шоу-бизенстің жарқын жұлдызы "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында айтқан деп жазады NUR.KZ.

Айгүл Иманбаева ұлының келіншек алуына толықтай өзі араласатынын ашып айтты. Оның айтуынша, жалғыз перзентінің қалыңдық таңдауы ол үшін аса маңызды үрдіс. Бұл үрдіске келгенде әртістің талғамы тым биік болып шықты.

Отандық әншінің болашақ келініне қояр талаптары мен міндеттері де өте жоғары болса керек. Қазақстандық шоу-бизнестің жарқын жұлдызы "анасына қарап қызын ал" деген ұстанымға сенім білдіретін көрінеді. Айгүл Иманбаева ең алдымен, келіннің анасына қатты қарайтынын айтты.

"Келіншек алғаныңа араласамын деп айтамын. Ол оны біледі, менің араласатынымды психологиялық тұрғыда. Себебі, мен міндетті түрде бірінші анасына қараймын", - деп айтты әнші.

Айгүл Иманбаеваның Сәбит Әбдіхалықовпен некеде туылған Асылжан есімді ұлы болса, әзірге отбасылы болуды тіптен ойламайтын көрінеді. Енді ғана 20-дан асқан жігітке анасы да асықпауға кеңес береді.

"Асықпа деп айтамын. Өйткені небір жігіттер жас кезінде үйленіп алып, орта жасқа келгенде "мен әйелімді сүймей үйленіппін, жүрегім енді ғана сүйді, мен шатасыппын" деп төрт-бес баласы болған кезде басын ұра қашады", - деп айтты Иманбаева.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
1
0
0
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel