RU
Отандық шоу-бизнес жұлдыздары жар таңдауда кімге жүгінетінін айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Отандық шоу-бизнес жұлдыздары жар таңдауда кімге жүгінетінін айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық шоу-бизнес өкілдері болашақ жарын таңдауда кімнің пікіріне жүгінетінін айтты. Жұлдыздардың бірі қалындық алуда толықтай ата-анасының айтқанына сенім білдірсе, кейбірі толықтай өз жүрек қалауына жүгінетінін жеткізді деп жазады "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сәкен Майғазиевтің ұлы әлі шаңырақ көтеруді жоспарламаса да, болашақта жар таңдауда әке-шешесінің сөзі елеулі екенін түсіндірді. Ол тіпті, ата-анасы қашан үйлен десе сол кезде-ақ отағасы атануға дайын болып шықты. Анықталғандай, Майғазиевтер әулетінде әке сөзі - заң.

"Әке-шешемнің сөзі мен үшін заң. Кез келген уақытта, қашан десе сол кезде үйленемін. Біздің отбасымызда сондай, әкем таңдаса, мен ешқандай қарсылық білдірмеймін", - деді Әділет Майғазы.

Ата-ана талғамына жүгінуді сахна еркесі болып кеткен Төреғали Төреәлі де ұстанған. Ол анасының 25 жасында үйленесің деген сөзін жерге қалдырмаған. Қалындығын 22 жасында ұзатып алса да ол үлкен тойын 25 жасқа келгенде дүркіретіп тойлады.

Оған қоса, оның Толқынды ұзатып алуына да анасының септігі тиген болып шықты.

"Кішкентайымнан анам айтатын 25-ке келіп ақыл тоқтатқанда үйленесің деп. Бірақ 22-імде келінді көргенде, үйленсең де үйленесін, үйленбесең де үйленесің деп ақыры үйлендіріп ждіберген анам болған негізі", - деп айтты Төреғали.

Ал "Алау" тобының мүшесі Әсет Арыстанбек болса, өз әріптестерінің ата-ана сөзіне қарауына қарсы екенін жеткізді. Ол болашақ жарын таңдауда толық өзі шешім қабылдайтынын айтты. Әке-шешесі де ұлына жар табуда мейілінше еркіндік берген.

"Жарымды өзім таңдаймын. Ата-анам маған толық сенім білдіріп, таңдауда еркіндік берді. Өйткені тұратын және өмір сүретін мен ғой", - деп айтты әнші.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel