RU
Алматыда мысықтарды бауыздаған жігіт жындыханаға жабылуы мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда мысықтарды бауыздаған жігіт жындыханаға жабылуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Мысықтарды бауыздаған суреттерін әлеуметтік желіге жүктеген алматылық жігіт жұрттың жаппай ашу-ызасын тудырды. Өлекселермен бірге қанға малынған араны ұстап түскен Роман Чекмаревті, әсіресе, жануарларды қорғаушылар қатаң жазаға тартуды талап етіп отыр деп жазады КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

Қаскүнемнің әрекетінен жаға ұстаған еріктілер прокуратураға шағымданып барды. Десе де, мысықтардың баскесерін жазалау оңайға соқпайтын көрінеді.

Мысықтардың кесілген бастары мен өлекселерімен бірге суретке түсіп, онысын әлеуметтік желіге салып жіберген Роман Чекмарев мұны әдейі істегенін айтады. Осы әрекеті арқылы ол бұрынғы сүйіктісін жазаламақ болғаны белгілі болды. Ал суреттегі бауыздалған мысықтарды ол ойыншық екенін айтып ақталды.

"Суреттегі өлген мысықтардың басы емес, ол манекен. Ол ойыншық! Оларды өзім қолдан жасап алдым. Ешқандай мысықты өлтіргенім жоқ. Ант етейін!", - деп айтты ол.

Алайда, жануарларға жәбір көрсетпегенін айтып ант-су ішкен жігіттің қолынан тырналған іздерді байқалған. Дегенмен, күдікті іздер жігіттің білегінде ғана емес, моншада да бар боп шықты. Жігіттің өзі де қанша жалтарғанымен, көршісінің мысықтарын бауыздағанын байқаусызда айтып қойды. 

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

Қаскүнемнің әрекетінен шошынған еріктілер оны жазалауды сұрап, прокуратураға дейін барды. Мысықтарды бауыздағыш тұрғын жайлы полицейлер де хабардар болып шықты. 

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

"Оның жүйке ауруына бір табан жақындығы бірден байқалып тұрады. Учаскелік инспектордың түсінігіне қарағанда да соңғы кездегі іс-әрекеттері ойға сыйымсыз боп табылған. Соңғы бір айдың ішінде оған үш рет оған медициналық көмек шақырылған.
Қазіргі таңда бұл азаматты ресми түрде жүйке ауруларына шалдыққан азаматтарды емдейтін мекемеге орналастыру көзделіп отыр", - деп айтты қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Дегенмен, жігітті психдиспансерге орналастыру қиынға соқпақ. Өйткені, ол үшін Чекмаревтің туыстары арыз жазуы керек. Ал жігіттің жалғыз ғана анасы бар. Бірақ оның өзі жүйкесі ауру ретінде есепте тұрғаны анықталды.

Әзірге тек оған қатысты "жануарларға жәбір көрсетті" деген баппен қылмыстық іс қозғалған. Дегенмен, тергеу біткенше мысықтарды бауыздап суретке түскен жігіт бостандықта жүре тұрады. Айта кетейік, 27 жастағы Роман Чекмарев 3 мәрте істі болған. Оның екеуінде адам өлтіру бабы бойынша.  

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
3
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel