RU
Танымал ресейлік комментатор ауқатты қазақтардан бағалы сыйлық алғанын мойындады
Жаңалықтар Қоғам

Танымал ресейлік комментатор ауқатты қазақтардан бағалы сыйлық алғанын мойындады

Рассказать Вконтакте

Ресейлік спорт комментаторы әрі Путинді қолдау тобының мүшесі Дмитрий Губерниев қазақстандық лауазымды тұлғадан қымбат сыйлық алған. Бұл туралы ол sports.ru сайтына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: prosport.kz

Фото: prosport.kz

Губерниев корпоратив кештерін жүргізетінімен де танымал. Ол сұхбат барысында қолындағы қымбат сағатты Қазақстанда сыйға тартқанын айтты.

"Мына сағатты Қазақстандағы керемет кештен кейін гонорарыма қосымша сый ретінде тарту етті. Жалпы мен Қазақстанда жиі боламын. Әсіресе, спорт саласындағы тұлғалармен байланысым жақсы. Тіпті, бірде Нұрсұлтан Әбішұлымен тілдестім. "Ресейлік телеарнаның эфирінде біздің қазақ жүзгішіне жанкүйер болған сен емессің бе? Сені білемін" деді. Бұл бір салтанатты кештен кейін болған оқиға еді", - деп еске алды Дмитрий Губерниев.

Сұхбат барысында Губерниев өз гонорары 10 мың доллардан басталатынын жеткізді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel