RU
Томирис Байсафаның анасы қызының өліміне қатысты істегі әділетсіздікке күйінді
Жаңалықтар Қоғам

Томирис Байсафаның анасы қызының өліміне қатысты істегі әділетсіздікке күйінді

Рассказать Вконтакте

Мәскеуде университет ғимаратының төртінші қабатынан құлап қайтыс болған қазақстандық бойжеткеннің ісі әлі де жалғасып жатыр. Кезекті сот отырысына бара жатқан Томирис Байсафаның анасы қызының өліміне қатысты істе әділетікке қол жеткізе алмай ішіндегі күйінішін жеткізді деп жазады NUR.KZ.

Жанна Ахметова қызының өліміне қатысты істың қалай өрбіп жатқанын өзінің Instagram парақшасы арқылы бөлісіп отырады. Ол халық арасында "резонанс" тудырған оқиғаның мән-жайын көпшілік білуге тиіс деп есептейді.

Өзінің соңғы жариялаған жазбасында, кезекті жауап беруге бара жатқан әйел адам ішіндегі күйінішпен бөлісіп, орын алып жатқан әділетсіздік туралы айтты.

"Менің өмірге деген арманын мен жоспарым көп еді. Алайда, бір мезетте қара жауыз менің барлық армандарымды жоққа шығарып, бәрін бұзып тастайды. Оған қоса, істеген жантүршігерлік ісі үшін оған ештене болмайды деп ойлайды.
Мен қарт адамдардың кететінін түсінемін. Менің де ата-анам мәңгі өмір сүрмейді. Біреуді көлік қағып, суға батып кету де мүмкін. Төбелестің арты да қайғылы болып шығуы мүмкін. Жолдан өткен кезде де қауіп бар.
Бірақ күндізгі сағат 12:00-де оқу орнында өзің сенім білдіретін адаммен сөйлесіп тұрып өліп кету мүмкін екені менің миыма кіріп шықпайды. Мен мұны түсіне алмаймын. Оған қоса, бұл іс үшін жауапкершілікке тартылмауды да түсінбеймін.
Жауап беруге бара жатырмын" , - деп жазды Жанна Ахметова.

Желі қолданушылар қайғыдан қан жұтқан анаға өз қолдауын барынша білдіріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
13
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel