RU
Ләйлә Сұлтанқызы ресейлік танымал жұлдыздармен бірге той жүргізді (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ләйлә Сұлтанқызы ресейлік танымал жұлдыздармен бірге той жүргізді (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ресейлік кино әлемінің жұлдыздарымен бірге той басқарды. Олардың жанында ең қымбат қазақ асабаларының бірі, актер Тұрсынбек Қабатов та бар деп хабарлайды NUR.KZ.

Той науқаны басталғанын алға тартқан журналист өзі де арасында мерекелік кештерді жүргізетінін жасырмады.

Алайда, жұмыс күндері эфирден шыға алмағандықтан көп жағдайда тапсырыс берушілердің бетін қайтаратын көрінеді.

Тележүргізуші сенбі-жексенбіні отбасымен бірге өткізгісі келеді екен.

"Алмас Алтай "жүрші бірге" деп айтып жүргеніне біраз болды. Сол себепті үйден қуып жібермесін десеңіздер, маған ренжімеңіздерші той ұйымдастырушылары. Айына 2-ақ той ала аламын, и то тек Жан Мұқанов ұйымдастырса ғана", - деп жазады Сұлтанқызы.

Айта кетерлігі, Ләйлә ханым жариялаған суретте Ресейдің танымал әртістері Станислав Ярушин мен Арарат Кещян бой көрсеткен.

Желі қолданушылары "ығай-сығайлар жиналған бұл той кімдікі болды екен" деп түрлі болжамдар жасаумен әлекке түсті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
2
2
0
4
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel