RU
Назарбаев: Алматыда енді орын жоқ
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Назарбаев: Алматыда енді орын жоқ

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астанаға іс-сапарымен келген ел президенті Алматы туралы өз ойымен бөлісті. Нұрсұлтан Назарбаев халық көп қоныстанған ірі мегаполисте енді орын жоқ екенін айтты деп жазады Астана арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Елбасы ірі қалалардың халқы тек өсе беретінін алға тартып, соған орай жергілікті жұрттың тұруына барынша қолайлы жағдай жасау керектігін айтты.

"Алматыға келіп қоныстанатындар легі бәрібір де тоқтамайды. Қала ішінде болса мүлде орын жоқ. Сол себепті адамдарға үйлерін өздігінен салуға мүмкіндік пен арнайы жер беру керек", - деп мәлімдеді Назарбаев.

Президенттің айтуынша, бұл жағдайда қазақстандықтар өмір сүруіне қолайлы жағдай құру арқылы өздерін-өздері қамтамасыз ететін болады. Оған қоса, елбасы транспорттық және жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын жақсарту керектігін де атап өтті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
3
1
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel