RU
Ақтөбеде екпеден бас тартқан 400-ден аса оқушы мектепке келді
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде екпеден бас тартқан 400-ден аса оқушы мектепке келді

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде аурудан қорғалмаған 400-ден аса оқушы мектепке келді деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Фото: msk.kp.ru

Фото: msk.kp.ru

Ақтөбеде екпеден бас тартқандар саны азаймай отыр. Баласына екпе салдыруға үзілді-кесілді қарсы ата-аналардың дені діни көзқараста.

"Облыста барлығы 2596 екпеден бас тартқандар бар. Олардың 1796-сы туғалы екпе салдырмағандар. Мектеп оқушыларының саны 441. Аурудан қорғанудың негізгі жолы-екпе. Ол уақытында берілмесе, бала түрлі науқасқа шалдығуы мүмкін. Балаға вакцина бермес бұрын дәрігерлер сәбиді жан-жақты тексереді", - дейді денсаулық сақтау басқармасы мамандары.

Айта кетейік, облыстың бір ауданында 100-ден аса оқушыға екпе салынбаған. Екпе жасатудан бас тартқан Темір ауданындағы 101 оқушының ата-анасы дәрігерлер сөзіне құлақ аспай отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
2
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel