RU
Әйгілі Серена Уильямс Йегова куәгері екенін әлем алдында мойындады
Жаңалықтар Спорт

Әйгілі Серена Уильямс Йегова куәгері екенін әлем алдында мойындады

Рассказать Вконтакте

Әлемге танымал теннисші Серена Уильямс Йегова бірлестігінің куәгері екенін көпшілікке жайып салды. Әйгілі теннисші қызының туған күнін атап өтпеуінің себебі де осы болған. Анықталғандай, Йегова құрамындағылар туған күн тойлауды құдайларға ғана тән деген ұстанымды жақтайды деп жазады sports.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: mir24.tv

Фото: mir24.tv

2017 жылдың 1 қыркүйегінде Серена Уильямс қызын дүниеге әкелген болатын. Араға жыл тастап қызының бір жасқа толуына орай теннисші қыздың жанкүйерлері, оны Олимпияның туған күнін қалай тойлайтыны туралы сұрақтың астына алған.

Табынушыларының сауалдары мен көпшіліктің күмәндануына нүкте қою мақсатында Серена парақшасына қысқа да нұсқа жазба қалдырды.

"Олимпия туған күнін тойламайды. Біз Йегова куәгерлеріміз! Біз ондай іспен айналыспаймыз", - деп жазған ол.

Әлемге әйгілі теннисшінің Йегова құрамында екенін білген жұрт дүрсілкінді. Көпшілік Серена Уильямстың діни бірлестік қатарына тіркелгеніне қатты таңғалған.

Артынан анықталғандай, Уильямстар отбасына Йегова теннисшінің анасы арқылы келген.

Өздерінің тым асыра насихаттауымен ерекшеленетін Йегова мүшелері, халықты өз қатарына өтуге шақырады. Бұл іспен бүгінде әлемнің үздік теннисшісі атанған Серена да кішкентай кезінде айналысқан. Ол үй-үйді аралап, Йегова парақшаларын таратып, дәни бірлестіктің жақсы жақтарын барынша насихаттап жүрген.

Осыған ұқсас секталар тек қарапайым адамдарды ғана емес, сондай-ақ танымал тұлғаларды да тартып алып жатады. Мәселен, дінге бас ұрып кеткендер арасында саентологияға кіріп алған Том Круз бен Джон Траволта да бар. Оған қоса, соңғы кездері жұлдыздар арасында кең қанат жайған "каббала" бірлестігіне Бритни Спирс, Деми Мур, Наоми Кэмпбел, Мадонна, Гай Ричи енген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel