RU
Қырғызстандағы жарыста Қазақстан көкпаршылары неге алаңға шықпай қалды?
Жаңалықтар Қоғам

Қырғызстандағы жарыста Қазақстан көкпаршылары неге алаңға шықпай қалды?

Рассказать Вконтакте

Қырғызстандағы жарыста Қазақстан көкпаршыларының алаңға шықпағанына бас бапкер жауап берді деп хабарлайды sputniknews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Zakon.kz

Фото: Zakon.kz

Қазақстан құрамасы 2 қыркүйекте РФ Краснояр өлкесінің командасына қарсы шығуы керек еді. Неге екені белгісіз ойын болмай қалды, ал отандастарымыз алаңға да шықпаған.

Sputnik Қырғызстан тілшілері Қазақстан құрамасының бас бапкерімен қонақ үйде кездесіпті.

"Ұйымдастырушылармен алдын ала келісіп, олар бізге аттар береді деп шешкенбіз, бірақ ақыры қолымызға тимеді. Бәлкім, жарамды жылқы табылмаған шығар… Білмеймін. Бүгін Қырғызстанның кок-бор федерациясы басшысы бұл мәселені шешуге уәде берді. Біз финалға шығуды көздеп отырмыз, ал нашар аттармен бірінші турдың өзінде жеңіліп қалар едік", — дейді бапкер Қанағат Сүйбаев.

Сүйбаев Қырғызстанға неге өз тұлпарларын алып келмегенін түсіндірді. Жылқылардың Азия біріншілігіне дайындап жатыр екен – жарыс екі айдан соң Өзбекстанда өтеді. Ол жақта ҚР құрамасы "бар күшін ортаға салмақ".

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
2
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel