RU
Астанадағы елдің үрейін ұшыратын қорқынышты орындар жайлы не білеміз?
Жаңалықтар Қоғам

Астанадағы елдің үрейін ұшыратын қорқынышты орындар жайлы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Ел астанасы оңтүстіктегі Алматыдан арқадағы Астанаға ауысқалы бері жиырма бес жылдан астам уақыт өткені баршаға аян. Осыған байланысты елордаға қоныс тепкен ел тұрғындарының саны да арта түсті. Астананы тек "күшті жел мен сары аяздың" қаласы деп білетін олар, қалада мистикалық жерлердің барынан бейхабар. NUR.KZ назарларыңызға жергілікті халық күні бүгінге дейін аузынан тастамайтын, түрлі түсініксіз оқиғалар болатын жерлердің тізімін ұсынады.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Астанаға келген қонақтар қала ішінде "Қараөткел" деп аталатын зираттың барын білмейді. Жергілікті билік молаларды осымен бірнеше рет ысырып тастағысы келсе де, бұл істі кейінге қалдырумен келген. Себебі, көпшіліктің айтуынша, қорымда XIX-XX ғғ. оба, обыр сынды айықпас дертке шалдыққан жандардың сүйектері жатқан көрінеді. Тұрғындар зират жанынан өткенде міндетті түрде "білмиллә" деп айтуды ұмытпау керек дейді. Қала халқының айтуынша, бейіттен түн ауа түрлі дыбыстар естіліп, көзге елестер көрінеді екен.

Фото: el.kz

Фото: el.kz

Момышұлы даңғылы бойынан орын тепкен "Байқоңыр" тұрғын-үй кешенінің де ел қорқатын, мистикалық орынға айналғанына бірнеше жылдың жүзі болды. Бұған себеп, аталған үйде кейінгі жылдары екі бірдей суицид оқиғасының тіркелуі болып отыр. Пәтер иелері осы оқиғалардан кейін екі рет құран оқытып, жеті шелпек таратқан көрінеді. Ал пәтерлерін ертеректе сатып алған тұрғындар бүгінде оны сатып, басқа жерге қоныс аударуға бел буған.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Астаналықтар арасында ерекше үрей тудыратын тағы бір мекен - Бөгенбей батыр мен Сарыарқа көшелерінің қиылысында орналасқан "Свечки" тұрғын үйі болып табылады. Жергілікті халықтың айтуынша, бұл баспананың орнында ХІХ ғасырдың соңында православ зираты орналасыпты. Қос үйдің тұрғындары лифттің өздігінен жүріп-тоқтауына, есік-терезелердің өздігінен ашып-жабылуына әбден етіміз үйренген дейді. Айтуларынша, әлі күнге дейін үйден түрлі дыбыстар естіліп, оны әлдекім кезіп жүргендей сезіледі екен.

Фото: Крыша

Фото: Крыша

Елордалықтар "мистикалық үй" ретінде танитын тағы бір орын - "Москва" тұрғын-үй кешені. Астаналықтар зәулім үйдің орнында бұрындары қоғамдық монша, ескі аурухана болғандығын айтады. Өкініштісі, баспана тұрғызылғанға дейін де талай рет елдің сынына ұшыраған. Жергілікті халық "үйдің үлескерлері шу шығарғанын, сосын онда алапат өрт болғанын, ал 2008 жылы тіпті лифт шахтасына жас ананың құлап, қайтыс болғанын" әлі күнге дейін есіне алады. Олардың айтуынша, үй лас орында салынған екен. Салдарынан мұндағы тұрғындар күні бүгінге дейін бақытсыз дейді.

Фото: rus.azattyq.org

Фото: rus.azattyq.org

Астана халқына мистикалық дәмхана ретінде танылған тамақтану орны – Жеңіс даңғылының бойындағы "Незнакомка" кафесі болып табылады. Тұрғындар бұл орында да бұрындары зират болғанын айтады. Ал, дәмхана келген қала қонақтары болса талай мәрте мейман сияқты үстел басында отыратын ер адамның елесін көргендіктерін айтады.

Фото: el.kz

Фото: el.kz

P. S. Алып шаһардың "алып-қашпа" әңгімелері мұнымен таусылатын емес. Астаналықтар тіпті "Еуразия" ұлттық университеті, "Министрліктер үйі" сынды көпшілікке етене таныс нысандардың өзінде елес барына сенеді. Алайда, аталған "аңыздардың" қаншалықты рас-өтірік екені күні бүгінге дейін белгісіз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
6
0
4
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel