RU
Қазақстандық 10 жасар қыз Молдавияда көше кезіп жүр
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандық 10 жасар қыз Молдавияда көше кезіп жүр

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық дипломаттар 10 жасар қызды Молдавиядан қайтару ісіне көмек көрсетті деп хабарлайды otyrar.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: mamsila.ru

Көрнекі фото: mamsila.ru

Мекемеде хабарлағандай, Қазақстан азаматшасы 2006 жылы өзінің азаматтық күйеуімен Молдавияға кеткен. 2007 жылы олардың қыздары дүниеге келіпті.

"Олесяның күйеуімен ара-қатынасы дұрыс болмаған соң, ол 2009 жылы қызымен бірге Қазақстанға оралған. Алайда үш жылдан соң қыздың әкесі келіп, оны Молдоваға алып кеткен.
Белгілі болғандай, әкесі балақайға қамқорлық танытпаған екен. Нәтижесінде, тұратын үйі жоқ бүлдіршін көше кезіп кетіпті. Ол қатты қорқып қалған, анасына қайтқысы келеді", -деді мекемеде.

Осы мәселеге қатысты Балалар құқығын қорғау комитеті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесе кәмелеттік жасқа томлаған қызды қайтаруға көмек көрсетті. Комитет Сыртқы істер министрлігімен, сондай-ақ, Молдавиядағы Қазақстанның бас консулдығымен сөйлесті.

Жақында бүлдіршін Бас консулдықтың хатшысымен бірге Қазақстанға оралмақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
1
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel