Фастфудты армансыз жеген жігіт 88 келіге арықтап кетті
Энтони Браун есімді америкалық екі жылдың ішінде қалай 88 келіге арықтағанын айтты. Бұл уақытта ол фастфуд жеп жүргенін де мойындаған деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru / @antbyzz
Калифорния штатындағы Риверсайд қаласының тұрғыны салмақ өлшейтін құрал 170 келіні көрсетіп, сынып қалғанда арықтау керегін түсінгенін айтқан.
Сол кезде 34 жастағы бағдарламашы тауық етімен және көкөністермен ғана тамақтануды әдетке айналдырыпты.
Алайда арада бір ай өткен соң фастфудқа көшіп, күніге өзін 2000 килокалориямен шектеуді жөн көріпті. Сондай-ақ, ол ақуызы көп тағамдармен тамақтанған екен.
"Кей адамдарға өз салмағын ұстау үшін 2000 келі килокалория жеткілікті. менің салмағым көп болғандықтан, мен бұл диетамен аптасына бір келі тастап отырдым", - дейді Браун.
Диетаға дейін азамат таңғы асқа үш бургер мен екі хашбраун , сондай-ақ, қытырлық картоп жеп, артынан тәттілер мен бес-алты бөтелке газдалаған сусын қабылдаған.
Одан бөлек, Браун гамбургермен, қытырлақ картоп фримен түстеніп, үлкен пиццаны кешкі асқа жеген.