RU
Бүлдіршіндер алдында "стриптиз" билеген меңгеруші ата-аналардың қаһарына ілікті
Жаңалықтар Калейдоскоп

Бүлдіршіндер алдында "стриптиз" билеген меңгеруші ата-аналардың қаһарына ілікті

Рассказать Вконтакте

Қытайдағы Шэньчжен қаласында оқудың жылының алғашқы күнінде балабақша меңгерушісі бүлдіршіндер алдында стриптиз билеп берді. Мекеме басшысының бұл қылығы ата-аналардың ашу-ызасын келтірген. Олар білім басқармасына ерсі әрекет көрсеткен әйелді жазалауды талап еткен деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

Оқиға орнынан видеоны журналист әрі жазушы Майкл Стэндерт өзінің "Twitter"-дегі парақшасына жүктеп қойған. Анықталғандай ер аламның балалары аталмыш балабақшаға барады.

Мекеме меңгерушісінің биінен кейін ашуға булыққан ата-аналар балаларының психологиялық жарақат алуы мүмкін екенін айтып ашынды.

Әдетте стриптиз билейтін бағанаға асыла кеткен келіншек өз әрекетін қарапайым би алдындағы жаттығу екенін айтып түсіндірген.

Балабақша әкімшілігі меңгерушінің әрекеті үшін ата-аналардан кешірім сұрап, ерсі қылық танытқан келіншекті жұмыстан шығаратындарына сендірген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
4
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel