RU

Ұзақ өмір сүрудің қарапайым сырын білесіз бе?

девушка ест десерт
Фото: UGC

АҚШ-тағы Калифорнияның Солка институтында ғалымдар адам өмірін ұзартудың жаңа тәсілін анықтады. Бұл туралы Tasbaka сайты ScienceDaily басылымына сілтеме жасап жазады.

Зерттеушілердің айтуынша, дұрыс әрі уақытылы тамақтану адамның өмірін ұзарта түседі.

Бастысы түнгі уақытта тамақтанудан бас тартып, тәуліктегі он сағат ішінде барлық қажет азығыңызды алып үлгеріп отыруыңыз керек.

Бұл ағзаңыздың түнде демалып, күндіз тамақты қорытуына оң әсер етеді.

Нәтижесінде зат алмасу жұмысы жақсарып, денсаулық ретке келеді. Бұл өз алдына өмірдің ұзаруына септігін тигізеді дейді мамандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1750979-zak-mir-srudi-karapajym-syryn-bilesiz-be.html