RU
Секта жетегінде кеткен танымал жұлдыздар кімдер?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Секта жетегінде кеткен танымал жұлдыздар кімдер?

Рассказать Вконтакте

Әрбір адам қай дін немесе бірлестік құрамына өтуді толығымен өзі шешеді. Әлемде кең қанат жайған сан түрлі діни бірлестіктер тек қана қарапайым адамдарды тартып қана қоймай, қатарын жұлдызды мүшелермен де толықтырып тұрады. Дүниежүзіне танымал тұлғалардың көпшілігі тығырыққа тірелген шағында секталардан көмек іздеп кетеді деп жазады NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Әлемдік шоу-бизнесте өмірден түңіліп, көмекті діни бірлестіктерден іздеп кеткен танымал тұлғалар саны жетерлік. Өзге ағым жетегінде кетіп қалған әлемдік жұлдыздар қатарында кімдер бар екенін білу мақсатында назарларыңызға олардың ең танымал өкілдерінің топтамсын ұсынамыз.

Том Круз

Фото: blog.syracuse.com

Фото: blog.syracuse.com

Секта құрамына өтіп қана қоймай, оны белсенді түрде насихаттаумен айналысатын актердің дінге бас ұра кіріп кеткені көпке белгілі. Оның екі әйелінен ажырасып кетуіне де саентологтардың септігін тиген.

Джон Траволта

Фото: blog.syracuse.com

Фото: blog.syracuse.com

Саентология құрамындағы аса адал мүшелерінің бірі Джон Траволта. Бұл актер әйел таңдаудан қателеспеген. Толығымен отбасымен саентологтарға құдайдай сенетін Траволта отбасы бұл ағымның беделді өкілдері болып есептелуде.

Присцилла Пресли

Фото: blog.syracuse.com

Фото: blog.syracuse.com

Элвис Преслидің жесір әйелін саентологиялық шіркеуге әкелген Джон Траволта болған. Присцилла өзінің артынан балалрын да бірлестік құрамын кіргізіп тастады.

Дженнифер Лопес

Фото: blog.syracuse.com

Фото: blog.syracuse.com

Траволта мен Круз өз қатарына жұлдызды достарын барынша көбірек тартуды жоспарлады. Олардың құрамына әйгілі Джей Ло да кіріп кете жаздаған. Ол тіпті, егіздерін секта мектебіне бермек болған. Алайда, ол райынан уақыт өте әнші қайтып қалды.

Деми Мур

Фото: blog.syracuse.com

Фото: blog.syracuse.com

Жас күйеуінен ажырасып кеткеннен кейін актриса түрлі діни бірлестіктерден көмек іздеген. Нәтижесінде саентологияға басын ұра кіріп кеткен Деми Мур бірлестіктің басты жұлдызына айналды. Оның танымалдылығын пайдаланбақ болғандарды оның бірінші күйеуі Брюс Уиллис орнына қойып, Демиге оларға жолауға тыйым салған.

Уилл Смит

Фото: blog.syracuse.com

Фото: blog.syracuse.com

Бұл актердің есімі саентологтармен 2007 жылы байланыстыра бастады. Алайда, актер бірден өзінің ол діни бірлестікке қатысы жоқ екенін айтып ақталған. Оған қоса, Уилл ешқандай дін мен бірлестікке жатпайтынын алға тартып, құдаймен өзіндік ерекше байланысы бар екенін түсіндірді.

Бэкхемдер отбасы

Фото: blog.syracuse.com

Фото: blog.syracuse.com

Бұл жұлдызды отбасын Том Круз азғыра бастап, өзінің қатарына қоспақ болған. Алайда, қатал мінезді Виктория досына бірден ақшасын "қайда болса сонда шашпайтынын" айтқан. Ал Дэвид актредің көңілін қалтырмас үшін шыдап жүргенімен, уақыт өте әйелінің сөзін қайталаған.

Бритни Спирс

Фото: blog.syracuse.com

Фото: blog.syracuse.com

Өмірі шешімін өзгерте беретін Бритни Кэти Холмс арқылы саентологтарға жүгінген болатын. Бірақ та олардың ұсынған кітаптарының бірін де оқымаған ол, райынан қайтып ислам қабылдамақ болған. Алайда, өзгеріске бейім әнші ол мақсатынан да айнып қалды.

Мадонна

Фото: blog.syracuse.com

Фото: blog.syracuse.com

Буддизмге бір кездері бас ұрған Мадонна түрлі діни ағымдарды танып-біліп, кабаллада тұрақтаған. Ол тіпті, бұл діни бірлестікті Голливудта аса танымал етті.

Наоми Кэмпбелл

Фото: blog.syracuse.com

Фото: blog.syracuse.com

Мадоннаның ізімен "кабалла" бірлестігіне танымал модель де аяқ басқан.

Ричард Гир

Фото: blog.syracuse.com

Фото: blog.syracuse.com

Фото: blog.syracuse.com

Фото: blog.syracuse.com

Бұл актер өз дінін буддизмге толығымен ауыстырды. Ол Құрама штаттардағы буддизм өкілдерінің ең танымалы болып есептелінеді. Оның жолын әйгілі Стивен Сигал да қуған.

Фото: blog.syracuse.com

Фото: blog.syracuse.com

Фото: blog.syracuse.com

Фото: blog.syracuse.com

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
3
2
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel