RU
Министр Сүлейменов: Ресейге қарсы санкциялардың бізге әсері жоқ
Жаңалықтар Саясат және экономика

Министр Сүлейменов: Ресейге қарсы санкциялардың бізге әсері жоқ

Рассказать Вконтакте

Ұлттық экономика министрі үкімет отырысындағы Данияр Ақышевтың мәлімдемесіне қатысты өз ойын білдірді. Тимур Сүлейменов Ұлттық банк басшының Ресейге қарсы санкциялар әсеріне дайындалу болжамына қатысты пікір айтты деп жазады NUR.KZ.

Фото: abctv.kz

Фото: abctv.kz

Cүлейменов бұған дейін, АҚШ тарапымен орнатылған өзара келісім жөнінде хабарлаған болатын. Оның аясында Ресейге қарсы санкциялардың салдары Қазақстан экономикасы үшін барынша төмен болуы тиіс.

"Біздің есеп бойынша, соңғы айларда байқап жатқан теңге құлдырауына қарамастан, осы жылда 5-7 пайызға толтырған инфляциядан біз шығып кетпейміз", - деп сендірді министр.

Ол біздің макроэкономикалық модель ірі әрі жан-жақты екенін қоса кетті.

"Осы жылға бізде айтарлықтай қиындықтар туындамау керек", - деп айтты Сүлейменов.

Ұлттық экономика министрі инфляция кезеңдерінің болашағына қатысты да жақсы болжам жасады.

"Келер жылды айтатын болсақ, әлеуметтік-экономикалық дамудың болжамы 2019-2021 жылға арналған республикалық бюджет жайлы заңмен бірге парламентке енгізілген. Онда біз инфляция бойынша болжамымызды өзгерткен жоқпыз
Біздің есептерімізге орай Ұлттық банктің берген ақпаратына сәйкес, инфляция келер жылға өзгеріссіз қалады", - деп айтты ол.

Алайда, министр өзі жасаған болжамға экономикалық аргументтер келтіруден бас тартты.

"Ол әңгіме ұзаққа созылады. Мен сізге жеке айтып бере аламын. Онда макроэкономикалық және тағы басқа да факторлар өте көп" , - деп айтты Сүлейменов.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
0
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel