RU
Лифтіде қаза тапқан Айзат Әбдісаматтың жары сот отырысында көз жасына ерік берді (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

Лифтіде қаза тапқан Айзат Әбдісаматтың жары сот отырысында көз жасына ерік берді (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде жантүршігерлік жағдайда қаза тапқан журналист Айзат Әбдісаматтың оқиғасына қатысты басты сот отырысы өтті деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірлік тілшісі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

4 сәуір күні тоғыз қабатты үйдің лифтісінде танымал журналист Айзат Әбдісамат қаза тапқан болатын. Бүгінгі сот отырысына жүрегіне ота жасатқан жәбірленуші де қатысты.

Марқұмның жолдасы соттан үш жасар қызын анасынан айырған оқиғаға жауаптыларды заңмен жазалауды сұрады.

"Кешкілік жұмыстан келгенімде аулада көп адамдар жүрді. Көңіл бөлмедім. Подъездге кіріп, бірінші қабаттан лифт шақырмақ болғанымда есігі ашық тұр екен. Әдеттегідей бұзылып қалған екен деп жаяу көтеріліп кеттім. Екінші қабатта лифт жанына көп адамдар жиналып қалыпты. Не болғанын білу үшін тоқтадым. Ішінде әйелдің ес-түссіз екенін, баланың жылап жатқанын айтты. Ашық қалған қуыстан өз отбасымды көрдім. Алғашында әйелім жай жатқан шығар деп ойладым. Оны қысып қалған екен. Лифтті өз күшімізбен аша алмадық. Төтенше жағдай қызметі, жедел жәрдем келді. Әйелім қайтыс болған. Мен қызымды алып шығып, үйге апардым. Туыстарды шақырдым", - дейді марқұмның жолдасы Қайыржан Ерқасымов.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Прокурор жәбірленуші тараптан айыптаушыларға қандай жаза беруді сұрайтынын нақтылады. Марқұмның жолдасы кінәлілерді заңмен жазалап, бас бостандығынан айыру шарасын қолдануды сұрады.

Прокурор ескі лифтке жауапты "Жәнібек сервис" серіктестігінің басшысы Кенен Жанабек пен техникалық қызмет көрсететін мекеме өкілі Жарылқасын Ақжановтың "Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету" заңнамасында адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеттермен жауапқа тартылғанын түсіндірді. 

Айта кетейік, елді дүрліктірген қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 306 бап 3 бөлігімен тергеліп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
7
4
18
0
1
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel