RU
Нығматуллин Абаевтың орынбасарынан нақты жауап ала алмай, әбден "қинады"
Жаңалықтар Саясат және экономика

Нығматуллин Абаевтың орынбасарынан нақты жауап ала алмай, әбден "қинады"

Рассказать Вконтакте

Парламенті мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллин ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Дарын Тұяқовтан елді мекендерді телефон байланысымен қамтамасыз ету туралы қойылған сұрақтарға нақты жауап беруін сұрады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: syrboyi.kz

Фото: syrboyi.kz

Мәжіліс отырысында Дарын Тұяқовтан депутат Мұрат Теміржанов 2019 жылдың қыркүйек айына дейін шалғайдағы елді мекендер телефон байланысымен 100 пайыз қамтамасыз етілуі мүмкін бе екенін сұрады.

Бұл сұраққа жауап берген вице-министр барлық жоспар үш жылда жүзеге асатынын айтты.

"Сәуір айында ведомствоаралық комиссия өтіп, Қазақтелеком компаниясына тиісті жиіліктер бөлінді. Тұрғын саны 50 адамнан асатын барлық елді мекен телефон байланысымен қамтамасыз етіледі. Бұл жұмыс үш жыл ішінде жүргізіледі.
Қазіргі таңда кесте жоспары әзірленді. Шалғай ауылдарда тиісті ақпарат планшетке енгізіліп, сол арқылы кезең-кезеңмен деректер базасына енгізіледі", — деді Тұяқов.

Алайда, мәжіліс төрағасы вице-министрдің жауабына қанағаттана қойған жоқ.

"Дарын Шылбыұлы, презентация кезінде бәрін керемет етіп көрсетесіздер. Ал нақты бір нәтижеге келгенде, барлығы болашаққа ысырылады. Халық санағы жақындап қалды. Ұлттық санаққа дейін елді мекендер ұялы немесе телефон байланысымен 100 пайыз қамтамасыз етіле ме? Вице-министр Тұяқов жауап беріңіз?", — деп қайталап сұрады Нығматулин.

Осы кезде Дарын Тұяқов санақ уақытына дейін елді мекендердің барлығын телефон байланысымен қамтамасыз ете алмайтынын, бірақ басым бөлігі қосылатынын айтты.

Нақты жауапты естіген Нығматуллин министрлікке мемлекет басшысы берген тапсырмаға жауапкершікпен қарауды тапсырды.

"Тырысу керек. Сіздерде мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Тимур Мұратұлы барлық презентацияны үкіметте қараған жоқсыздар ма? Халыққа дистанциялық әдіс үшін барлық жағдай жасалады деп айтып қойдыңыздар. Ал, қазір бәрі сөзінен тайып жатыр. Тағы планшет, тағы әкімдер аппаратымен бірге үй-үйге барады.
Ал вице-министр бүгін халық санағына 100 пайыз дайын емес екенін ресми түрде мәлімдеді. Бұл мәселені үкіметте қарау керек. Кім бұл мәселеге жауапты болса, сол жауап берсін", — деп түйіндеді сөзін мәжіліс төрағасы.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
1
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel