RU
Бай болу үшін қандай дүниелерге ақша жұмсаудан аулақ болу керек?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Бай болу үшін қандай дүниелерге ақша жұмсаудан аулақ болу керек?

Рассказать Вконтакте

Ақшаны үнемдеп, жинауды қаласаңыз ihsan.kz сайты ұсынған кеңестерге көз жүгіртіңіз деп жазады NUR.KZ.

Ақша. Фото: iPhones.ru

Ақша. Фото: iPhones.ru

Біріншіден, қалтаңыз көтермейтін дүниеге ұмтылмаңыз. Қымбат заттарды сатып алып, қымбат мейрамханада ауқаттанғанша, басқа адамдар секілді ас пісіріп, үйде тамақтаныңыз. Ал қымбат мейрамханаға арнайы уақыты келгенде барарсыз.

Екіншіден, киім, әшекей, аяқ киімге көп ақша жаратпау керек. Сән әлемі күн сайын өзгеріп жатыр. Бір мезгілге 10 көйлек сатып алғанша, шетінен, жаңа үлгідегі киімді алып отырған дұрыс.

Үшіншіден, түрі немесе маркасына қарап, көлік сатып алмаңыз. Өзіңізге ыңғайлап, қиындық тудырмайтын көлікті алған абзал.

Төртіншіден, ешқашан өзіңіздің қолыңыздан келетін дүниеге шығын шығармаңыз. Бұл әсіресе дайын тамаққа байланысты.

Бесіншіден, үйде кір жуу, үй жинау ешқандай қиын жұмыс емес.

Алтыншыдан, қымбат жерде білім алғаныңыз емес, қалай оқығаныңыз маңызды. Өз кезегінде білім алып, ақылы емес бөлімге оқуға талпынған дұрыс.

Жетіншіден, балалардың жетегіне еруге болмайды. Оларға барлығын алып беруге жағдайыңыз жетіп тұрса да, олай етуге асықпаңыз. Себебі, олар өмірдің мәнін, ақшаның қайдан келетінін түсінуі керек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
13
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel