RU
Лифтіде қаза болған танымал журналистің анасы: Басымызға түскен қайғыны ешкімге бермесін
Жаңалықтар Қоғам

Лифтіде қаза болған танымал журналистің анасы: Басымызға түскен қайғыны ешкімге бермесін

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде лифтіде қаза болған танымал журналист Айзат Әбдісаматтың анасы соттан моральдық шығын сұрамайтынын айтты. Ешқандай шығын қыршын кеткен қызын қайтара алмайтынын айтқан ана кінәлі тараптың заңмен тиісінше жазалануын сұрап отыр деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Айша Төлемісова

Айша Төлемісова

"4 сәуір күні менің қызым лифтіде қайтыс болды. Бұл сот екі әулеттің басына түскен қайғыны шешетін отырыс болады деп ойлаймын. Менің 28 жасқа да толмаған қыршын қызымның өлімі лифтіні дұрыс жөндемегендіктен болып тұр. ПИК-тің басшысы жауапкершілікті мойнына алмағандықтан осындай жағдай болып отыр. Сотта ПИК-тің басшысының жауабын көрдіңіздер, ешқандай жауапкершілік жоқ. Оны тұрғындардың арыз-шағымын орындамайтын басшы деп ойлаймын. Соттан енді әділ жаза күтемін", - дейді Айша Төлемісова.

Жәбірленушілер лифттің техникалық қауіпсіздігіне жауап беретін ПИК кінәлі санайды. Марқұмның анасы жиен немересінің қорқыныштан "анасы" туралы сұрамайтынын да айтты.

Айша Төлемісова мен марқұмның жары

Айша Төлемісова мен марқұмның жары

"Біздің басымызға түскен қайғыны ешкімге бермесін. Маған ешқандай моральдық, материалдық өтем сұрайтын арыздың қажеті жоқ. Ол шығын қызымды қайтармайды. Баламның өліміне кінәлілер жазалансын. Олар үш жасар сәбиге анасын "мама" деп айта алмайтындай жағдайға жеткізді. Менің қызымның өлімін көрген үш жасар сәби қазір анасын сұрамайды", - дейді Айша Төлемісова.

Жауапкер тарап сотта ескі лифтінің жөнделмей тұру себебін үй құжатының дұрыс емес екендігімен түсіндірді. Бірақ жеке серіктестік тұрғындардан лифт қызметі үшін ақша алып тұрған.

Ал марқұм тұрған тоғыз қабатты үйдегі лифтінің техникалық қауіпсіздігіне жауап беретін ПИК басшылары өздеріне тағылған айыппен келіспей отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
3
7
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel