RU
"Бомждар сияқты": Біртанов Астанадағы балалар ауруханасына түн ортасында тексеріс жүргізді (видео)
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Бомждар сияқты": Біртанов Астанадағы балалар ауруханасына түн ортасында тексеріс жүргізді (видео)

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Астана қаласындағы балалар ауруханасына түнгі тексеріс жүргізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадрлар

Фото: Видеодан кадрлар

Желі қолданушылары балалар ауруханасы дәрігерлерінің түнгі уақытта қалай жұмыс істейтінін министрмен бірге тамашалай алды. Өйткені, түнгі тексеріс Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.

Біртановтың қасында америкалық профессор, жедел жәрдем медициансы бойынша маман Михаэль Дрешер болған.

Тексеріс барысында министр дәрігерлермен сөйлесіп, жоспарларды талқылап қана қоймай, сынап та үлгерген. Ол аурухана қызметкерлерінің сырт келбеттеріне көңілі толмайтынын айтыпты.

"Бұл жерде балалар бар емес пе? Өз-өзіне қарау керек, сырт келбет деген болу керек қой. Осы уақытқа дейін арыздар да болған. Тап бір қойманы күзетіп жүргендер сияқты. Бет-әлпеттеріне қарасаң, бомждар сияқты көрінеді", - деді министр.

Біртанов медицина қызметкерлеріне халық тарапынан сынға ілікпес үшін жақсы жұмыс істеу қажеттігін айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
1
2
0
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel