RU

"Шыдам керек": 80 жыл бойы ажырамаған жанұя тату болудың сырымен бөлісті

Жапония тұрғыны Масао Матсумото мен оның жұбайы Мияко әлемдегі ең ұзақ бірге тұрған отбасы атанды. Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Kwiyeon Ha / Reuters
Фото: Kwiyeon Ha / Reuters: UGC

Ғашықтар некелерін 1937 жылы қиған. Қазіргі уақытта Матсумутоның жасы 108-ге, ал оның жұбайы 100-ге келіпті. Бұл әлемдік рекорд бірден тіркеліп, жұбайларға Гиннес рекордтар кітабының сертификаты беріліпті.

"Мен өте қуаныштымын. Барлығы менің шыдамыма байланысты болды", - деп күлді Мияко.

Матсумуто соғысқа сарбаз болып кеткендіктен олардың тойлары болмаған. Алайда бұл жұбайлардың ара-қатынасына еш әсер етпепті.

Ал 81 жыл отасқан ерлі-зайыптылардың 25-ші шөберелері бір ай бұрын ғана туылған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1751055-sydam-kerek-80-zyl-bojy-azyramagan-zana-tatu-boludy-syrymen-blisti.html