RU
5 айлық сәбиімен суға келген ана қолтырауынға жем болды
Жаңалықтар Калейдоскоп

5 айлық сәбиімен суға келген ана қолтырауынға жем болды

Рассказать Вконтакте

Угандада өзен жағасына келген жас келіншек пен оның бес айлық сәбиін қолтырауын тістеп өлтірді. Өкініштісі, тәртіп сақшылары келіншектің мәйітінің қалдықтарын әлі күнге дейін таба алмай жатқан көрінеді. Бұл туралы lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: vlad.time

Фото: vlad.time

Көп балалы ана жыртқыштың өзен жағасына қалай келіп қалғанын аңғармай қалған көрінеді. Десе де марқұммен бірге су алуға келген өзге тұрғындар қолтырауынды алыстан-ақ байқапты. Олар оны көрген бойда жан-жаққа қашып кеткен екен. Ал, қолында сәбиі бар ана жағадан су алумен болыпты.

"Жанындағы адамдар көмектесуге тырысты. Бірақ қолтырауын бой бермеді. Олар тіпті әйелдің денесін жыртқыштың аузынан тартып алмақ болды. Бірақ бұларынан түк шықпады. Ол оны өзімен бірге суға алып кетті",-дейді оқиға куәгерлері.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
2
2
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel