RU
Күйеуіне қамыр жайғызып мақтанған әйел желіде хит болды
Жаңалықтар Қоғам

Күйеуіне қамыр жайғызып мақтанған әйел желіде хит болды

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде күйеуіне қамыр жайғызып мақтанған әйелдің видеосы тарап кетті. Ол жұбайына қамырды қалай жаю керектігін үйретіп, өзі би билеп жүрген деп хабарлайды Facebook желісіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/Facebook

Фото: Видеодан кадр/Facebook

Видеода азаматтың бүгіліп отырып қамыр жайып отырғаны көрсетілген. Ал оның қасында тұрған әйелі оған қалай жаюды үйретіп тұрыпты.

Сәлден соң келіншек қолына ыдысын алып, билей бастаған.

"Міне, бұл менің күйеуім. Ол қамыр жайып жатыр, мәнті істеп жатырмыз. Менің күйеуім сияқты қамыр жайыңдар, күйеулеріңе жайғызыңдар, үйретіңдер" , -дейді ол.

Бұл бейнежазба желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түсті. Бірі аталған видеоны көңілді қабылдаса, екіншілері әйелдің әрекеті дұрыс емес екенін айтқан.

"Алла сақтасын", "Жетіскен екенсің", "Ақырзаман белгісі ғой", "Сәтті шыққан қалжың", "Еркектер тамақты жақсы жасайды" , -деп жазған олар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
22
3
2
0
1
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel