RU
Балағаттағаны үшін баласын унитазға батырған ана жұртты шошытты
Жаңалықтар Калейдоскоп

Балағаттағаны үшін баласын унитазға батырған ана жұртты шошытты

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Вирджиния штатының тұрғыны Кейтлин Вольф үш жасар баласы балағат сөз айттып деп, оның басын унитазға батырған. Адам шошырлық әрекетін жас ана бейнежазбаға түсіріп, желіге жүктеген. Қатыгез ананың "тұрпайы" әрекетін көрген көпшілік Кейтлинге тиісті жазасын беруді талеп етуде деп жазады life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Өзінің аталмыш әрекетін Кейтлин Вольф былай деп түсіндірген. Айтуынша, үш жасар баласы анасына балағат сөз айтып, қарсы келген. Осы сөзі үшін ашуға булыққан ана алғашында оның аузын сабынмен жуғысы келген екен.

Алайда, кейін ол ойынан айнып, баланың басын унитазға малған. Қатыгез ананың бейәдеп әрекетін көрген желі қолданушылары оның тез арада жазалануын талап етіп отыр.

Кейтлин аталған әрекетін "жай ойын" деп айтып түсіндіргенімен, жергілікті тәртіп сақшылары оған сенетін емес.

Айта кетерлігі, жас ана осы қылығы үшін ана құқығынан айырылады екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
1
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel