RU
Әбдірахымов қандай жағдай болса да Түркістанмен бірге екенін айтты
Жаңалықтар Қоғам

Әбдірахымов қандай жағдай болса да Түркістанмен бірге екенін айтты

Рассказать Вконтакте

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қандай жағдай болмасын Түркістан облысымен бірге болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Source: UGC

Түркістан қаласында Шымкент пен Түркістан облысының әкімдері бірлесе жұмыс атқару бойынша өзара меморандум жасады. Шара кезінде сөз алған Шымкент басшысы Ғабидолла Әбдірахымов Түркістан облысы туралы ойын ағынан жарылып жеткізді.

"Түркістан облысы мен Шымкент қаласы арасында мүмкін әкімшілік шекаралар бар шығар. Бірақ, біз әрқашан бірге боламыз, Себебі елді ешкім бөле алмайды. Шымкент қаласы әрқашан Түркістанмен бірге болады", - дейді Ғабидолла Әбдірахымов.

Шенеунік Түркістан басшысына облыс орталығының бас жоспары бекітілген соң кез келген бір ғимаратты соғып беруге Шымкент қаласы дайын екенін жеткізді. Мұны естіген Жансейіт Түймебаев облыс пен қала бір біріне қолдау білдіре отырып бірлесе дамитынын және ол үлкен мәртебе екенін атап өтті.

"Шымкент - Түркістан облысына ең жақын қала. Сондықтан өңірдің дамуына ең бірінші кезекте Шымкент қаласының қосар үлесі зор. Біз бір-бірімізді қолдай отырып, облыс пен қаланы, сол арқылы республикамызды дамыта беруіміз керек", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Еске сала кетейік, үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың жуырда ғана Түркістан облысы мен Шымкент қаласына жасаған сапары кезінде қос әкімді бір-бірімен тату болуға шақырып, бір жерде тұрған ағайындар екіге бөлінгеннен кейін айтысып жүргені ұят болатынын қадап тұрып айтты.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel