RU
Отандық өнімге риза болған Шымкенттің хит әкімі 12 мың теңгеге аяқ киім сатып алды
Жаңалықтар Қоғам

Отандық өнімге риза болған Шымкенттің хит әкімі 12 мың теңгеге аяқ киім сатып алды

Рассказать Вконтакте

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов 12 мың теңге тұратын аяқ киім сатып алды, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Шымкентте "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағында орналасқан "Lux Shoes" ЖШС БК аяқ киім тігетін бірегей тігін фабрикасының ашылу салтанаты өтті. Шараға қатысқан қала басшысы аяқ киім фабрикасының жұмысымен танысты.

Фабрика өнімдерін мұқият қарап шыққан Ғабидолла Әбдірахымов оның бағасы қалтаға қонымды екенін айтып, тіпті өзіне аяқ киім сатып алды.

"Біріншіде таза табиғи былғарыдан, екіншіден қымбат емес. 12 мың теңге аса қымбат емес. Мен мұны өзіме аламын", - деді Шымкент әкімі.
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Айта кетейік, іске қосылған жобаға 403 млн теңге көлемінде инвестиция жұмсалған. Кәсіпорын жылына 120 мыңнан астам жұп аяқ киім шығаруды көздеп отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
0
0
1
44
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel