RU
Төртінші ана өлімі болған перзентханадан дәрігерлердің көбісі кетпек болған
Жаңалықтар Қоғам

Төртінші ана өлімі болған перзентханадан дәрігерлердің көбісі кетпек болған

Рассказать Вконтакте

Елордада жыл басынан бері 4 ана өлімі тіркелген перзентханадан бас дәрігермен бірге көптеген ақ халаттылар да кетпек болған. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлім етті деп хабарлайды Қазақпарат.

Елжан Біртанов. Фото: NUR.KZ

Елжан Біртанов. Фото: NUR.KZ

Министрдің сөзінше, бас дәрігер жұмыстан кету туралы өтінішті өз қолымен жазған.

"Неліктен бұлай еткені де түсінікті. Шынына келгенде, көптеген дәрігерлер де жұмыстан кеткісі келген. Мен ол орталыққа арнайы барып, дәрігерлермен сөйлескен едім. Бұның өте үлкен қысым екені белгілі. Бәрі де қылмыстық жауапкершіліктен қорқады", - деген Елжан Біртанов дәрігерлердің тіпті кейде негізсіз қылмыстық қудалауға ұшыраған кездері де болғанын айтты.

"Біз бұл жағдайға өте абайлап келуіміз керек. Өте шынайы баға бере білуіміз керек. Себебі, сот шешімі шықпай тұрып, негізсіз айыптау өкінішке қарай перинаталдық орталықта еңбек ететін кәсіби дәрігерлердің жүректерін шайлықтырып жіберуі мүмкін. Осыдан кейін біз ондай мамандарды таппай, мәселені одан ары қиындата түсеміз", - дейді министр.

Еске сала кетсек, 1 қыркүйек күні Астанада №1 перзентхада төртінші келіншек көз жұмды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel