RU
Қостанайлық шенеуніктер "найзалы батырды" трактормен құлатып тастаған (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Қостанайлық шенеуніктер "найзалы батырды" трактормен құлатып тастаған (видео)

Рассказать Вконтакте

Қостанай облысында Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап тұрғызылған ескерткішті сүріп тастады. Жергілікті биліктегілердің айтуынша, бетоннан құйылған мүсін жел мен судан үгітіліп, әбден тозған. Әрі 3 жыл бұрын бастамашыл топтың қаржысына қойылған ескерткіштің заңды құжаты жоқ екен. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Қостанайлық шенеуніктер

Фото: kstnews.kz

Қарабалық ауданына ат басын бұрған қонақтарды қасқайып қарсы алатын ескерткішті трактормен тартып құлатыпты. Жиынтық образды бейнелейтін алып батыр лезде қоқысқа айналып үлгерген.

Ал тұрғындар жергілікті әкімдіктің шешімімен күресінге тасталған ескерткіштің кімге кедергі келтіргенін білмей әлек.

Қираған еңселі ескерткіштің саяси салмағы басым. Ол 2015 жылы дүркіретіп тойлаған Қазақ хандығының 550 жылдығына орай орнатылыпты. Тіпті, ашылу салтанатына сол кездегі аудан әкімі қатысып, жүрек тебірентерлік сөз сөйлеген.

Әкімдіктің қазіргі ресми сайтында да көрікті жерлер тізіміне еніп, «Қарабалықта ондай ескерткіштер болған жоқ» деп жазылған.

Бірақ "бетоннан құйылған мүсіннің әбден тозығы жетті" деп ақталған жергілікті шенеуніктер оның орнына өзге сәулет композициясы тұрғызылатынын айтады.

Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, бұзылған ескерткішке 600 мың теңге жұмсалған. Бірақ ол мемлекет қазынасынан алынбапты. Барлығы  бастамашыл топтың қаржысына салынған.

Алайда трактормен әрең қозғалтқан ескерткіштің ескіргеніне сенгісі келмеген тұрғындар "жаңа нысанға әкімдіктің өзге жер таппағанын түсінбейміз", - дейді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
2
1
2
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel