RU
Абель Санчестің Головкинге қатысты мәлімдемесі жұртты дүрліктірді
Жаңалықтар Әлемде

Абель Санчестің Головкинге қатысты мәлімдемесі жұртты дүрліктірді

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен оның бапкері Абель Санчес телефон конференциясында жаттығу процесі туралы айтты деп хабарлайды Prosports.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Абель Санчестің Головкинге қатысты мәлімдемесі жұртты дүрліктірді

Фото: Prosports.kz

"Сен өзіңді 25 жастағы жігіттей сезінетініңді айттың, бірақ 25-те емессің ғой. Қазір шынымен де 25-те болған кезіңнен басқаша жаттығу жасайсың ба?", - деп сұрады Санчес Головкиннен.   

Оған Геннадийдің берген жауабы былай болды: "Өте жақсы жаттығып жүрмін және өзімді жақсы сезінемін. 36 жастағы адам секілді жаттығамын"

"Мен барлығына бірдей үйретемін, бірақ боксшы егде тарта бастағанда жаттығу әдісін өзгертемін. Сондықтан ол залдағы  жаттығудың барлығына бірдей қатыспайды. Ең бастысы оған тиімді кесте жасай білу керек", - дейді GGG промоутері. 

Естеріңізге сала кетсек, "Канело" — GGG рематчы 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-де өтеді.   

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel