RU
Жартылай жалаңаш әйелдерді бейнеленген суретші көпшілікке жақпай қалды
Жаңалықтар Әлемде

Жартылай жалаңаш әйелдерді бейнеленген суретші көпшілікке жақпай қалды

Рассказать Вконтакте

Тәжік суретшісі Маърифат Давлатова жартылай жалаңаш әйелдер бейнеленген туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Көпшілік бұл шығармаларға тамсанса, кейбіреуі сынап жатыр деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ozodlik.org

Фото: ozodlik.org

Маърифат Давлатова сөзінше, алғаш рет Венадағы көрмеге қойылған картинасы интернетте пайда болған уақытта, тәжік қоғамының сынына ұшыраған.

Суретшінің айтуынша, жартылай жалаңаш әйелдердің суретін салу - оның қоғамдағы теңсіздікке наразылығы.

"Мен әйелмін, жас жігіттер мен ересек адамдардың ашық киім киген қыздарды балағаттағанын талай мәрте естідім", - деген ол инабаттылықты жақтаушылардың өзіне сурет салуды доғаруын бірнеше мәрте талап еткенін айтады.
"Бірақ мен мұндай стереотиптермен күрескенді ұнатамын. Кейбіреулер менен "мұндай қауіпті суретті неге саласың" деп сұрайды. Бірақ мен елдегі қорқынышты жеңуге болатынына сенімдімін. Өйткені біз зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатырмыз", - дейді Маърифат Давлатова.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel