RU
Мырзағали Айтжанов боксшылардың не себепті алтынсыз қалғанын түсіндірді
Жаңалықтар Спорт

Мырзағали Айтжанов боксшылардың не себепті алтынсыз қалғанын түсіндірді

Рассказать Вконтакте

Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов та қазақстандық боксшылардың не себепті алтынға қол жеткізе алмағанын түсіндіріп берді деп хабарлайды Хабар24-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мырзағали Айтжанов. Фото: kfb.kz

Мырзағали Айтжанов. Фото: kfb.kz

"Әрбір жігіттің ақырына дейін, әр раундтың соңғы секундына дейін жеңісті қолдан бермей, бар күшін бергеніне мен ризамын. Финалдық кездесулерде де. Қалай жеңесің? Төреші сені бокстастырмаса, сені тоқтатып жатса, саған ескерту жасай берсе. Сыртта отырып айтуға оңай да. Осының ішінде немесе теледидардан көрсе, кемшілік іздеген адамдар басқаша сөйлейтін еді деп ойлаймын", - дейді бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов.

Айта кетейік, Азиадаға қатысқан 7 былғары қолғап шеберінің тек екеуі ғана финалға шыққан болатын. Өкінішке қарай, Әбілхан Аманқұл да, Асланбек Шымбергенов те жеңіс тұғырына көтеріле алмады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
1
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel