RU
Семейде 10 жылға жуық жарық пен сусыз отырған тұрғындар жанайқайын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Семейде 10 жылға жуық жарық пен сусыз отырған тұрғындар жанайқайын айтты

Рассказать Вконтакте

Семейдегі Комсомол және Ұшақтар кентінің тұрғындары 10 жылға жуық жарық пен ауыз суға зәру деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: dpchas.com.ua

Көрнекі фото: dpchas.com.ua

Ауыз су мен жарыққа жарымай отырған Ұшақтар кентіндегі 150-ден аса отбасы жарықты жақын маңдағы тұрғынүй иелерінен сұрап, тартып алып отыр. Оның өзінде ток күшін көтермегендіктен жарық өшіп қалады екен.

Халықты арманы - мемлекеттің электр қуаты желісіне қосылу. Ал ауыз суды тұрғындар тасып ішуге мәжбүр.

Ұзақ жылдар әкімдіктегілерден көмек сұрап келе жатқан тұрғындардың жағдайы жергілікті билік өкілдеріне таныс. Дегенмен, қаржы мәселесі қолбайлау болған екен. Кент тұрғындарымен кездескен қала әкімі мәселелерді жыл соңына дейін шешуге уәде етті.

"Биыл байқау жариялап, тендер өткіземіз. Мердігер мекемені таңдағаннан кейін жұмысқа кірісеміз. Бірақ жарық мәселесі келесі жылы толық шешілетін болады. Ал су мәселесіне 10 күннің ішінде кірісеміз. Бұл жұмыстармен айналысатын мердігер дайын. Жыл соңына дейі", - дейді Ермак Сәлімов.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel