RU
Дін қызметшісі шіркеуге төсін ашып келетін қалыңдықтарды жазалауды талап етті
Жаңалықтар Калейдоскоп

Дін қызметшісі шіркеуге төсін ашып келетін қалыңдықтарды жазалауды талап етті

Рассказать Вконтакте

Венецияда шіркеу қызметшісі төсін айқара ашып келген қалындықтардың салық төлеуін талап етуде. Кристиан Боббо қасиетті жерге бар тән сұлулығын паш еткен аруларды осылай жазалау керек деген пікір білдірді. Оның айтуынша, шіркеуге жартылай жалаңаш келу орынсыз деп жазады oxu.az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: oxu.az

Фото: oxu.az

Дін қызметшісі соңғы кездері барынша ашық көйлектер киюге тырысатын қалындықтардың қылығы үшін күйінді. Ол құдай үйіне дене сымбатын паш етуге емес, некеге тұруға келетін аруларды сынап тастады.

"Бүгінде ондай қалындықтарға салық орнатуға болады. Неғұрлым киімі ашық болғандар соғұрлым көбірек төлейтін болады", - деп айтты Кристиан Боббо.

Шіркеу қызметшісі бұл мәлімдемесінің қалжын ретінде болғанын айтып, алайда болашақта оның іске асуына тек қана қуанатынын жеткізді.

"Ұят салығын" орнату Кристианның баяғыдан бергі келе жатқан асыл арманы болып шықты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel