RU
Млн теңге сыйақы тағайындалған қарағандылық азамат өлі күйінде табылды
Жаңалықтар Қоғам

Млн теңге сыйақы тағайындалған қарағандылық азамат өлі күйінде табылды

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысындағы Молодежный елді мекенінің із-түзсіз жоғалып кеткен тұрғыны өлі күйінде табылды. Оны іздеп тапқан адамға бір миллион теңге көлеміндегі сыйақы тағайындалған болатын деп хабарлайды NUR.KZ.

фото: vestivrn.ru

фото: vestivrn.ru

Руслан Борчашвили 16 тамыздан бастап іздестірілген. 28 жастағы азаматтың денесі өңірдегі сорғы станциясының аумағынан табылды. Бұл туралы Молодежный ауылындағы полиция бөлімшесі хабарлады.

Ер адамның неден қайтыс болғаны сот-медициналық сараптамасы анықтайтын болады. Қазіргі таңда, оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталып кетті.

Айта кетейік, Русланның туыстары оны тауып алған адамға бір миллион теңге көлеміндегі сыйақы тағайындаған болатын. Куәгерлер оның көлікке отырғанын байқаған, алайда автокөліктің нөмірін есте сақтамаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel