RU
Балаларын қазақша сөйлете алмаған келіншек көпшіліктен көмек сұрады (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Балаларын қазақша сөйлете алмаған келіншек көпшіліктен көмек сұрады (видео)

Рассказать Вконтакте

Астана тұрғыны Бақыт Саяқова балаларын қазақша сөйлете алмай ұлт жанашырларынан көмек сұрады. Келіншек екі қызын қазақ балабақшасына берсе де, олардың өз тілінде сөйлеуге құлқылары жоқ болып шыққан. Өйткені ондағы балалардың барлығы өзара орыс тілінде сөйлесетін көрінеді деп жазады sn.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

Туған балаларын ана тілінде сөйлете алмаған келіншек өзінің жанайқайын жеткізіп, қалың көпшілік көмегіне жүгінген. Өзін толғандырған мәселеге орай, ол әлеуметтік желіде арнайы тікелей эфир жасап, басына түскен жағдаймен бөлісті.

«Тікелей эфир арқылы қоғам белсенділері мен ұлт жанашырларынан көмек сұрағалы отырмын. Мендегі мәселе: екі қызым орысша сөйлейді, қазақша сөйлеуге құлқы жоқ. Балабақша қазақша болғанымен, ондағы балалар бір-бірімен орысша сөйлеседі екен.
Бұл мәселелені шешудің жолы: қазақ тілінде мультфильм көрсететін канал болса деймін. Себебі, бала қай тіліде мультфильм көрсе, соған бейім болып өседі екен. Ал бізде тек қазақ тілінде мультфильм көрсететін канал жоқтың қасы.

Ал «Балапан» каналын мектеп жасына дейінгі жастағы балалар көрмейді. Ондағы бағдарламалар мектеп жасындағы балаларға арналған. Өз үйінде балаларына қазақша сөйлете алмады деген ұят жағдай.

Бірақ «Ауруын жасырған өледі» дейді. Осы мәселені жоғары деңгейде көтеріп, барлығымыз қазақ тілінің дамуына үлес қоссақ деймін. Сол себептен басымдағы жағдайды айтып, сіздерден көмек сұрап отырмын», – дейді екі баланың анасы.

Оған қоса, Бақыт Саяқова бұл мәселені өткен жылы да көтеріп, тиісті жерлерге хат жолдағанын айтты. Алайда, оның бастамасы еш нәтижесіз қалан. Басқа амалы қалмаған ана енді көпшіліктен қазақ тілінің  дамуына үлес қосуға шақырды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
1
1
5
1
14
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel