RU
Түймебаев тойхана деген атауды "Қабылдау үйі" деп өзгертуді ұсынды
Жаңалықтар Қоғам

Түймебаев тойхана деген атауды "Қабылдау үйі" деп өзгертуді ұсынды

Рассказать Вконтакте

Түркістан қаласында бизнес өкілдерімен өткен кездесуде облыс әкімі Жансейіт Түймебаев кейінгі кездері тойханалардың көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді. Тіпті облысы әкімі тойхана деген сөзден бас тартуды ұсын деп жазады Рейтинг басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: rgmedia.kz

Фото: rgmedia.kz

"Бір ғана Түркістан қаласының өзінде 66 тойхана бар екен. Тойхана салуды тоқтату қажет.  Базар, тойхана салатын заман өтті. Мен тойхана деген атаудың өзін ауыстыруды ұсындым. Оны Қабылдау үйі деу керек шығар", - деді өңір басшысы. 

Айта кетері, жиында бірқатар депутат-кәсіпкерлер жаңа орталықта қызмет көрсету нысандарын салуға уәде етті.

Мәселен белгілі бизнесмен, облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиев Түркістанға фитнес клуб салып беруге уәде етсе, депутат-кәсіпкер Серікжан Сейітжанов киелі қалада "Риксо" бесжұлдызды қонақ үйдің құрылысын бастап кетіпті.  

Сіздің реакцияңыз
4
1
0
1
0
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel