RU
Димашқа тамсанған ресейлік жұлдыздар орындарынан тік тұрып қол соқты (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Димашқа тамсанған ресейлік жұлдыздар орындарынан тік тұрып қол соқты (видео)

Рассказать Вконтакте

Қайталанбас даусымен әлем жұртшылығын таңдай қақтырған Димаш Құдайберген кезекті әнімен Ресей елін тәнті етті. Жезтаңдай әнші Сочиде өнер көрсетіп, жанкүйерлерімен қоса атақты жұлдыздарды да орнынан тік тұрғызды деп хабарлайды NUR.KZ.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін "Новая волна" байқауына қонақ болып барған Димаш әйгілі "А-студио" тобының кешінде өнер көрсетті.

Қазақстандық дарын иесі аталмыш топтың "Грешная Страсть" деп аталатын әнін орындаған.

Жанын сала өнер көрсеткен Димаш Құдайбергенді күллі зал сілтідей тына қап тыңдады.

Әннің соңында әдеттегідей қошемет пен құшақ-құшақ гүлдің астында қалған ол барша тыңдарманға алғыс білдірді.

Сондай-ақ, Димаш өзін сахнада сүйемелдеп отырған "А-студио" тобына және Байғали Серкебаевқа қазақша рахмет айтты.

Кеш жүргізушісі Тимур Родригез болса "Бұл сәтті Басков көруі керек еді. Оның жүрегі ұстап қала ма деп қорқамын", - деп айтып қалды.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
3
197
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel