RU
Сауд Арабиясында орынсыз қалжыңдағандар түрмеге жабылатын болды
Жаңалықтар Әлемде

Сауд Арабиясында орынсыз қалжыңдағандар түрмеге жабылатын болды

Рассказать Вконтакте

Сауд Арабиясында дінге қатысты әзіл-қалжыңы бар жазба жариялағандар түрмеге отыратын болды. Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: Shutterstock

Көрнекі фото: Shutterstock

"Әлеуметтік желіде дінге қатысты кекету немесе мазақ ету мақсатында жазылған, діни құндылықтар мен қоғамдық моральді бұзуға әрекеттенген жазбалардың авторы жауапкершілікке тартылатын болады" , - деді мекемеде.

Бұл істе кінәлі болған адамдар абақтыға бес күнге дейін отыруы мүмкін. Одан бөлек, дінге қатысты қалжыңдағандар үш млн риал (800 мың доллар) төлеуі қажет.

Жалпы, 2012 жылы елде танымал блогер ислам дініне тіл тигізгені үшін 10 жыл бас бостандығынан айырылған болатын.

Сондай-ақ, киберқылмыскерге 1000 дүре соғылған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel