Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзін тастап кеткен әйелге ренжіген азамат жүзік үшін бес жыл соттасқан

Опубликовано:

АҚШ-та өзін тастап кеткен қалыңдығына ренжіген азамат жүзік үшін бес жыл соттасқан. Бұл туралы lentu сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Jaap Arriens / Globallookpress.com
Көрнекі фото: Jaap Arriens / Globallookpress.com: UGC

2011 жылы 54 жастағы Родни Рипли өзінің 50 жастағы қалыңдығы Дженнифер Раттенге үйлену туралы ұсыныс жасаған.

Күйеу жігіт Раттенге 39 мың доллар тұратын екі карат гаухары бар жүзік сыйлапты. Ол бұл сақинаны Нью-Йорктегі Бруклин көпірінде берген екен.

Алайда екі жылдан соң Дженнифер Риплиді тастап кеткен. Бұл іске ренжіген азамат сүйіктісіне жүзігін қайтаруын өтініпті.

Келіншектің қарсылығынан соң, Рипли оны Нью-Йорк Жоғары сотына берген.

Раттеннің адвокаты зергерлердің бағасы бойынша ол сақина 13 мың доллар тұратынын айтқан екен. Бірақ бұрынғы күйеу жігіттің заңгері сотқа Риплидің 40 мың долларға сатып алған чегін әкелген көрінеді.

Нью-Йорк заңына сәйкес, олардың некесі құрылмағандықтан әйел азаматқа жүзікті қайтаруға міндетті. Ал бұл мәселеде айырылысудың себебі де маңызды емес екен.

Соңында сот келіншектен жүзікті 45 күннің ішінде қайтаруды немесе барлық сомасын төлеуді талап етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1751170-zin-tastap-ketken-jelge-renzigen-azamat-zzik-sin-bes-zyl-sottaskan/

pixel