RU
Өмір бойы ауырмаған түркістандық азамат сырқаттанбаудың құпиясымен бөлісті
Жаңалықтар Қоғам

Өмір бойы ауырмаған түркістандық азамат сырқаттанбаудың құпиясымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

61 жастағы Түркістан тұрғыны өмір бойына ауруханаға жатып көрмеген. Қатты сырқаттанып көрмеген ер адам ауырып қалмаудың құпиясымен бөлісті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Алматы мен Шымкент әкімдері тұрғындарға велосипедті насихаттап, тіпті өздері де мініп үлгі көрсетіп жүргенде, Түркістан облысында жұртшылық арасында «Велосипедшілер қаласы» атанып кеткен Арыс қаласы бар.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бұл жер - тоғыз жолдың торабы ретінде танымал. Яғни, темір жол арқылы кеңінен танылған қалада жұмысшылардың көбі жұмысқа велосипедпен қатынайды.  Тек темір жол саласының қызметкерлері ғана емес, өзге де тұрғындар қатынау құралы ретінде велосипедті құп көреді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Арыстың «Локомотив» депосындағы жұмысшылардың үштен бірге жуығы жұмысқа велосипедпен барып қайтады. Солардың бірі - 61 жастағы Жұматай Жанашев. Достары Джордж Буш деп атайды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Арыс тұрғыны аталған мекемеге 1979 жылы жұмысқа тұрған екен. Содан бері екі дөңгелекті «тұлпарынан» түспеген.

"Жасым 61-де, зейнет жасына да жақындап қалдым. Шамамен 40 жыл болыпты темір жол саласында еңбек етіп келе жатқаныма. Осы жылдар ішінде велосипедті ешбір көлік құралына алмастырмадым. Тіпті көлік те жүргізе алмаймын. Маған велосипедпен қатынаған ыңғайлы. Әсіресе базар аралауға барғанда, үйдегі жеңгелеріңізге жақсы. Бір қап ұнды салып аламын да, үйге қарай жөнелемін" , - деп әңгімесін бастаған арыстық тұрғын өмірінде аурухана дегенге жатып көрмегенін мақтанышпен айтты.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Аллаға шүкір, жеңіл желпі суық тиіп, тұмауратқаным болмаса, сырқаттанып ауруханаға жатқан адам емеспін. Меніңше, бұл салауатты өмір салтын қалыптастырудың арқасында. Велосипедпен жүру алдымен денсаулыққа өте пайдалы.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қан айналым жақсарып, буындарың сырқырамайды. Екіншіден, уақытты үнемдеуге әсері мол. Таңертең ұйқыдан тұрып, малдың шөп-жемін жайғастырамын да асықпай шайымды ішіп аламын. Сосын осыған отырып, ары кетсе 10-15 минутта жұмысқа келемін",-деді Жұматай Жанашев.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Шамамен 40 жыл ішінде ер кісі төрт рет велосипед ауыстырғанын айтты. «Бір жерінен ақау шықса, шашып-жинай беремін» деген ол өзі секілді екі дөңгелекті көлік құралымен жүретін достары да баршылық екенін жеткізді. Ең қызығы, тұрғынның тоғыз жастағы немересі атасының жолын қумақ екен. Қазірдің өзінде балаларға арналған велосипедпен жүйткиді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Арыс тұрғыны еңбек ететін мекеменің техникалық директоры Оразхан Елтаев қызметкерінің сөзін былайша жалғады.

"Бізде бұрын жұмысшы саны көп болатын, кейін қысқарту болып қазір 180-дей қызметкер бар. Жұмысқа велосипедпен қатынайтындар көп. Олар үшін арнайы тұрақ та қарастырылған. Таңертең келіп, кәдімгі автотұрақ секілді велосипедтерін сонда тастайды. Кешке мініп қайтады.
Біз қызметкерлерімізбен мақтанамыз. Велосипедпен жүрудің пайдасы көп қой. Денсаулыққа жақсы, кейін қаржыны үнемдейді. Бізде алыстан қатынайтын қызметкерлер бар. Жолға ақша құртпайды. Және бастысы, қаланың ауасы ластанбайды. Тек біздің жұмысшылар емес, Арыста көп адам велосипедпен жүреді»,-деді техникалық директор.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Айтпақшы, велосипедшілері көп мекемеде күн сайын түстен кейін қызметкерлер бір сәтке жаттығу жасауды әдетке айналдырыпты. Айтуларынша, дене жаттығуы - ұзақ өмір сүрудің кепілі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
1
19
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel