RU
Астанада қарақшылар 83 жастағы қарияны аяусыз ұрып кетті (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Астанада қарақшылар 83 жастағы қарияны аяусыз ұрып кетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Астанада тонаушылар 83 жастағы қарияны аяусыз ұрып кеткен. Олар үйге ұрланып кіріп, ешқандай бағалы зат таба алмапты деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Екі ұрлықшы Герман Задворныхтың үйіне 2 қыркүйек күні кірген. Тонайтын құнды зат таппаған олар кейуананы өлімші етіп ұрып, қашып кеткен. Жәбірленушінің туған інісі тауып алған екен.

"Үйге кірсем, ол қан-қан болып жатыр. Киімі де қан. Ештеңеге қатысы жоқ адамды бұлай ұру-нағыз айуандық" , - дейді жәбірленушінің туған інісі Вениамин Задворных.

Герман Задворныхтың үш қабырғасы сынып, миына зақым келген. Одан бөлек, қарияның басқа да жарақаттары көп екен.

"Олар дұрыс емес істеді. Адамдардың қолынан мұндай іс келеді деу қиын", - дейді дәрігер Айдос Бердібеков.

Астана ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазір 24 және 35 жастағы күдіктілер ұсталған екен.

"Олар өз кінәларын мойындады. Қазір іс қарақшылық фактісі бойынша жүргізіліп жатыр", - деді мекеменің баспасөз қызметі.

Енді күдіктілер 5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel