RU
Ресейлік әзілкеш бай қазақстандықтардың яхтасында аяқ киімін шешуге мәжбүр болған
Жаңалықтар Қоғам

Ресейлік әзілкеш бай қазақстандықтардың яхтасында аяқ киімін шешуге мәжбүр болған

Рассказать Вконтакте

Танымал ресейлік әзілкеш Руслан Белый сұхбат барысында бай қазақстандықтардың яхтасында басынан өткен қызықты оқиғасымен бөлісті. Ауқатты кәсіпкерлер әйелдерінің алдында өнер көрсетуге барған жұлдызға яхтаға аяқ аттамас бұрын аяқ киімін шешуін талап еткен деп жазады NUR.KZ.

Фото: tnt.ru

Фото: tnt.ru

Comedy Club мүшесі болып тұрған шағында бай қазақстандық әйелдер яхтасына өнер көрсетуге барған Русланға бірден аяқ киімді шешу керектігін ескерткен.

Анықталғандай, яхтаның едені өте қымбат материалдардан жасалғандықтан оның иесі оған асқан қамқорлық танытқан.

Әзілкештің айтуынша, оның өнер көрсетуі ұзаққа созылып кеткен. Өйткені ол туған күнді атап отырған әйелдердің дайын болуын біраз күткен. Келіншектер кешті Лондонда қалып қойған ауқатты күйеулерінсіз тойлап отырғандарына қапалы болған.

Алайда, өз уақыты жеткенде Руслан Белый көңілсіз аруларды түрлі әзілдер айтып күлдірткен.

Әзілкеш бай қазақстандықтар туралы видеоның 21 минутынан бастап айтты.

Ескерту! Видеода балағат сөздер кездеседі!

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
1
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel