Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі блогер "ақсүйекпін" деп мұрнын шүйіретін қалалықтарға шүйлікті

Опубликовано:

Көпшілікке өзінің өткір жазбаларымен танылып үлгерген белгілі блогер Әлия Исенова оқырмандарды тағы бір ерекше жазбасымен қуантты. Ол "ауыл адамдары да адам, қалалықтар "ақсүйекпін" деп менменсіп кетпеңдер" деген ойын өзінің Instargram парақшасына жариялаған. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Блогер бұл жолы "ақсүйекпін" деп "мұрнын шүйіретін" қала адамдарына шүйліккен.

"Көпшілік өздерін ақсүйек-аристократпын деп атап, мақтанғысы келетінін байқадым. Олар кез келген адамды тіпті "ауылдағы тобыр" деп атаудан да тайынбайды. Өтінемін, осындайды қояйықшы. Бәріміз "ауылбаймыз". Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, 1910 жылы Астананың ортасында "Версаль" қамалы тұрды ма? Жоқ, бүкіл қазақ елі ол жылдары тек ауылдардан тұратын еді. Ақсүйектерге келер болсақ? Сіздердің барлықтарыңыз сүйегі асыл адамдардың ұрпақтарысыз ба? Әрине жоқ.

Барлығымыз қарапайым ауыл адамдарының ұрпағымыз. Ақсүйектерге жалпы кімдер жатады? Алашордалықтар, жазушылар, ақындар мен саяси көшбасшылар немесе Ресейде оқып, білім алғандар. Солай емес пе? Бірақ олар Қазақстанда тым аз еді ғой? Мен олардың ұрпақтары бар екенін білемін, бірақ олар некен-саяқ. Аз ғана ақсүйектің өзін кезінде қырып жіберді емес пе? Қалғандарыңыз барлықтарыңыз ауыл адамдарының баласысыздар.

Байдың баласы болсаңыз да, аталарыңыз ауылдан шыққан. Тіпті жеті атаңызды бағамдап көріңізші. Олардың арасында қалалықтар бар ма екен? Әрине жоқ. Сондықтан қалалықтар өздеріңізді "ақсүйек-аристократпын" деп көрсетулеріңізді қойыңыздаршы. Ауылдың адамдары да адам... Қазақтың ақсүйтерінің көзін жоғалтқан. Сондықтан барлығымызға қарадан шыққан, "данышпан" болуымызға тура келеді", - деп жазған ол.

Желі қолданушылары жазба авторына дән риза болған. Олар "Дұрыс айтасыз", "Сізге ризамын" деген пікірлерін жаудырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1751196-belgili-bloger-aksjekpin-dep-mrnyn-sjiretin-kalalyktarga-sjlikti/

pixel