Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баян Алагөзовамен жұлқына билеген Кәмшатты көпшілік жақтырмай қалды (видео)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Кәмшат Жолдыбаева той үстінде ән айту барысында ұятқа қалды. Қасына Баян Алагөзованы алып шығып, жұрт алдында жұлқына билеген әртіс желіде сынның астында қалды. Оқырмандар отандық жұлдыздың биі мен тым ашық киіміне жағымсыз пікір жаудырған деп жазады NUR.KZ.

Кәмшат Жолдыбаева Аша Матайдың анасының 50 жас мерейтойына құттықтай келіп, өзінің әнін орындап берген. Жиналған көпшілік алдына тым қысқа көйлекпен шыққан әнші көпшіліктің ашуына тиді.

Желі оқырмандары өзінің бұрынғы продюсерін қасына алып шығып, жұлқына билеген отандық әртісті сынап тастады. Олар Жолдыбаеваның өзінен үлкен адамдар алдына ашық образымен шыққаны үшін сөккен.

Кейбір желі қолданушылар отандық жұлдыздардың ішіп алғанын болжады.

"Бір клубта жүргендей екеуі"
"Ішіп алған сияқты ғой, ұялмайма үлкен кісілерден"
"Алла тағаладан бұларды тура жолға түсіруін сұрайық"
"Кәмшат мүлде өзгеріп кеткен"
"Салмақты қыз еді ғой, не болып кетті бұған"
"Кәмшат еліктеме шетелге, қарағымау ауылдың қызы емессің ба?"

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1751202-baan-alagzovamen-zlkyna-bilegen-kmsatty-kpsilik-zaktyrmaj-kaldy-video/

pixel