Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі қазақ әншісі радио жүргізушісімен бірге биді жандырды (видео)

Опубликовано:

"Алашұлы" тобынан бөлек кетіп, жеке шығармашылығымен айналысып жүрген Ұшқын Жамалбек күні кеше жаңа әнінің тұсауын кесті. Әнші әрі композитор өзі қонақ болып барған радио жүргізушісімен бидің түбін түсірді деп хабарлайды NUR.KZ.

"Жұлдыз FM"-дегі қызықтың сәттің үзіндісін танымал радио жүргізушісі Жасұлан Қали Instagram желісінде жариялаған.

Видеода белгілі журналист Маржан Садуақасова мен Ұшқын Жамалбектің жаңа әнге секіріп билеп жүргенін көруге болады.

"Үшқынның "Маxаббат заңы" әнінің ресми тұсаукесері! Маржан ашылды. Енді жабыла алмай жүр. Биі ерекше досыңды белгіле", - деп жазады Жасұлан өз парақшасында.

Желі қолданушылары болса ән мен биге деген түрлі пікірлерін қалдырды.

"Көңілді көтеріп жібереді екен билері", "Кермет би, өздеріне жарасып тұр", "Ән хит болады", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1751208-belgili-kazak-nsisi-radio-zrgizusisimen-birge-bidi-zandyrdy-video/

pixel