RU
Ауғанстанда болған жарылыстан Қазақстанда білім алған журналист қаза тапты
Жаңалықтар Қоғам

Ауғанстанда болған жарылыстан Қазақстанда білім алған журналист қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Ауғанстандағы Кабул қаласында қатарынан екі мәрте жарылыс болып, кем дегенде 20 адам қаза тапты. Олардың қатарында Қазақстанда білім алған журналист Саид Самим Фарамарз да болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Кабулдың батыс бөлігіндегі жарыс өтіп жатқан спорт клубының маңында белгілісіз лаңкес өзін жарып жіберген. Оның артынан орталық маңында жарылғыш зат орнатылған көліктің күлі де көкке ұшты.

Қайғылы жағдайда қайтыс болғандардың ішінде Tolo News-тың 2 тілшісі бар. Олардың бірі Қазақстанда білім алған Саид Самим Фарамарз. Жас журналист төрт жыл бойы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де білім алу барысында қазақ тілін жетік меңгеріп алған. Тіпті дипломдық жұмысын да қазақ тілінде басқалармен қатар қорғап шыққан.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Самим қазақ тілінде ғана емес, әлемнің 7 тілінде еркін сөйледі. Ол осыдан үш жыл бұрын Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітіріп, өз еліне оралған болатын. Ауғанстанда жұмыс істеп жүрген жас журналистің өмірі 27 жасында қиылды.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Фото: Facebook

Фото: Facebook

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel