RU
Қарағандыда төрт жарым мың тұрғыны бар ауыл жедел жәрдемсіз қалды
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда төрт жарым мың тұрғыны бар ауыл жедел жәрдемсіз қалды

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда төрт жарым мың тұрғыны бар бүтіндей бір ауыл жедел жәрдемге зәру болып отыр. Бұл туралы NUR.KZ порталы 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Жедел жәрдем. Фото: orken-media.kz

Жедел жәрдем. Фото: orken-media.kz

Төрт жарым мың тұрғыны бар Қушоқы ауылындағы жалғыз жедел жәрдем қызметі жарты жыл бұрын үкіметтің шешімімен жабылып қалған.

Корпорациядан мемлекеттің қарамағына өткен емхана басшылығы елдімекендегі халық саны аз болғандықтан, жедел жәрдем қызметін жауып тастаған.

Содан бері тұрғындар сонау 40 шақырым жердегі аудан орталығына сабылуға мәжбүр екендерін айтады. Оның үстіне амбулаториядағы дәрігерлер кешкі беске дейін ғана жұмыс істейді екен.

"Бірдеңе айтсаң, бәрі бұйрық сондай деп шығады. Сонда бұйрық бойынша біз өле беруіміз керек пе?", - деп күйінді ауыл тұрғыны Қадиша Ахмедияновна.

Ал жауаптылар жедел жәрдемді он мың адам болмаса, төрт жарым мың тұрғынға ұстау тиімсіз дейді. Ал тұрғындарға қажетті медициналық көмек күндіз де, түнде де көрсетіледі деп отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel