RU
Семейде ер адам әйеліне дауыс көтергені үшін түрмеге тоғытылды
Жаңалықтар Қоғам

Семейде ер адам әйеліне дауыс көтергені үшін түрмеге тоғытылды

Рассказать Вконтакте

Семейде бұрын-соңды болмаған қызық оқиға орын алды. Әйелімен сөзге келіп қалған ер адам, оған дауыс көтеріп, балағаттағаны үшін үш бірдей күнге қамауға алынған. Заң бойынша, олар 10 күн бойы сөзге келмеуі тиіс екен. Бұл туралы factumkz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: rich-health.ru

Фото: rich-health.ru
Source: UGC

Кейін белгілі болғандай, Семейдің әкімшілік сотында ішкі істер органы шығарған үкімге қарама-қайшы әрекет еткен ер адамның ісі қаралыпты.

Оған сәйкес, сөзге келіп қалған ерлі-зайыптылар 10 күн ішінде бір-біріне дауыс көтеріп, ұрыспаулары керек екен. Мұндай өзгерту заңға осы сипатта келіп түсетін шағымдардың салдарынан енгізілген екен.

Аталған істе ер адам тәртіп сақшыларының әлгіндей ескертуіне құлақ аспаған көрінеді. Ол үкім шыққан күннің ертеңгісінде-ақ әйелімен жанжалдасып, тіпті оны балағаттап жіберген.

Осылайша ол сот шешімімен үш күнге қамауға алынған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel